«Нан жұмбақтары» интеллектуалды ойыны

16.10.2024

2024 жылы 15 қазан күні «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында «Нан жұмбақтары» атты тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты: интеллектуалды ойындар мен жұмбақтар арқылы студенттердің нан мәдениетіне және оның қоғам өміріндегі маңыздылығына қызығушылығын қалыптастыру. Іс-шара жүргізушінің құттықтау сөзінен басталды, ол нанның мәдениет пен дәстүрдегі маңыздылығын таныстырып өтті. Студенттер нан мен оның өндірісі туралы жұмбақтарды шешуде жарысқа түсті. Сұрақтар нанның тарихы, оның түрлері, дайындау тәсілдері және мәдени аспектілерін қамтыды. Қатысушылар нан туралы көп жаңа мәліметтер алып, оның мәдениеттегі маңызы мен рөлін түсінді, бұл кешті тек қызықты ғана емес, сондай-ақ танымды етті. Ойын алған білімдерін талқылаумен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная